Топырақтың ластануын азайту үшін халыққа арналған кеңес /Зөвлөмж/

Адам денсаулығына топырақ маңызды роль атқаруымен қатар дені сау, ширақ өсіп дамуы топыраққа тура байланысты болады.Топырақтың ластаушы көздеріне адам және жануардың  қатты және сұйық қалдықтары, өсімдік қалдықтары, тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды сулар және тасқын су көздері жатады.

Топырақтың ластану себебінен адамдардың денсаулығы соның ішінде балалар әртүрлі жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға шалдығуы жиі кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын 1,7 миллион адам судың ластануы, санитарлық-гигиеналық мәселелер туындауының салдарынан диарея ( іш өту) ауруынан қайтыс болады және қайтыс болған 10 адамның  9-ы балалар екенін ескертуде.

Сондықтан топырақтың ластануын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды жеткізіп отырмыз.Оларға:

  1. Тасқын су жиналған жерлерге балаларды ойнатпаңыз;
  2. Қолды сабындап жақсылап жуыңыз;
  3. Ашық су көздерін немесе ауыз суды пайдаланбаңыз, тағайындалған арнайы құдықтардан су алыңыз, қайнатыңыз, күнделікті суды тасымалдау ыдыстарын күнде тұрақты тазалап отырыңыз;
  4. Жылы мезгілде балаларға шикі су ішкізбеңіз, қайнатылған немесе таза су дайындап қойыңыз;
  5. Жуынды кір суды ашық жерге төкпеңіз;
  6. Қоқысты лақтырмаңыз, оны арнайы қоқыс қапшығына ораңыз және қоқыс шығару орнына тастаңыз;
  7. Тасқын сумен ластанған топырақты нұсқау бойынша залалсыздандыру.(Қосымша-1)
  8. Әжетхана шұңқырын жаңадан орнатсаңыз;
  • Үйден неғұрлым алыс қашықтыққа, тұрғын үй, қоғамдық орындардан, қызмет көрсету орталығынан 15 метр, су тарату пунктнен 20 метр, шахта мен бұрғылау ұңғымаларынан 150-250 метр, өзен жағасынан  200-250 метрден кем емес қашықтыққа  желдің төменгі бағытына орналастырыңыз;
  • Дезинфекцияланып тазаланатын, тот басып құламайтын материалмен әжетхананың ішін қаптаңыз;
  • Әжетхана және жуынды су төгілетін шұңқырдың бетіне ені 500 мм және қалыңдығы кемінде 50 мм болатын көлбеу цементтелген  бетон тақталар орнатыңыз;
  • Әжетхана ішіне дезинфекциялау заттары мен тазалау құралдарын орналастырыңыз;
  • Әжетхананың есігінің іші және сыртында құлыптары болу, терезелермен жарықтандырылған, есіктердің жоғарғы жағынан шыбын жәндіктерден қорғайтын торлармен бекітілген терезе болу керек;
  1. Әжетхана және жуынды су төгілетін шұңқырды жылы мезгілде айына бір рет, салқын мезгілде мезгіліне  бір рет дезинфекция (залалсыздандыру )жасап отыру керек.

Дезинфекция (залалсыздандыру) жасау:

  • Хлорлы әк

Ерітіндіні эмаль немесе шыны ыдыста аз мөлшерде су құйып  10 гр құрғақ затты қосып мұқият араластырғаннан кейін 10 литр суға қосып дайындайды.

Дайындалған ерітіндіні жуынды жаман су шұңқырларына, ашық дәрет сындырған орындарға шашып сіңіру керек.Топырақ немесе сыртқы алаңға 1 шаршы метрге 1-1,5 л ерітінді мөлшерінде есептеп сіңіріп шашыңыз;

  • Гипохлорит:

Ерітіндіні 10л суға гипохлорит натриін 600мл, гипохлорит кальциін 10гр салып араластырып дайындайды.Дайындалған ерітіндініжуынды жаман су шұңқырларына, ашық дәрет сындырған орындарға шашып сіңіру керек. Топырақтың жоғарғы қабаты, тұрғын үйдін сыртқы алаңы, асфальттанған жол алаңының 1 шаршы метріне  1,5 л ерітіндіні мөлшерінде есептеп шашып сіңіріп залалсыздандырады.

  • Жавелион: 10 литр суға 4 дана таблетка салып аралстырады(0,06% ерітінді). Дайындалған ерітіндіні жуынды жаман су шұңқырларына, ашық дәрет сындырған орындарға шашып сіңіру керек. Топырақ және сыртқы алаңның 1 шаршы метріне 1,5л ерітінді мөлшерінде есептеп шашып сіңіріп залалсыздандырады.
  • Хлорсепт:

10 литр суға 2 дана таблетка салып аралстырады. Дайындалған ерітіндіні жуынды жаман су шұңқырларына, ашық дәрет сындырған орындарға шашып сіңіру керек. Топырақ және сыртқы алаңның 1 шаршы метріне 1,5л ерітінді мөлшерінде есептеп шашып сіңіріп залалсыздандырады.

  • Тамир-Эм қоспасы :

Ашық әжетхана, ағын су канализациясы құрғақ болған жағдайда 100л суға 1л Тамир-Эм қоспасын, су болған жағдайда 1 л тамир-Эм қоспасын әжетхананың бір жақ бұрышынан төгіп құясыз.

  • Эко-00 қоспасы:

Қапшығында 2 дана дорбадағы қоспа болады. Бір дорбасын ашып бөлме температурасындағы 3-5 л суға араластырып 30 минуттан соң әжетханаға қолдануға болады. Ертеңінен бастап күнде әжетханада жиналған лас су зат жоғалғанға дейін су құясыз. 2 аптадан соң екінші дорбаны жоғарыда айтылғандай дайындап керектенесіз. Егер су төмен түсіп сіңген болса күн аралатып жасауға болады Осылайша әжетхананы 3 апта үнемі сулы ұстаңыз.Лас су азая келе су құюды да азайтасыз.

Ыстық күл, ағаш үгінділері:                           Залалсыздандыратын зат болмаған жағдайда ыстық күл немес           ағаш үгінділерін ашық әжетхана, жуынды су шұңқырларына шашып төгуге болады.


Сэтгэгдэл оруулах

Таны email хаяг бусдад харагдахгүй. Заавал бөглөх талбарууд *-оор тэмдэглэгдсэн