Дизентерия ауруының алдын алу жолдары

Дизентерия ауруы бактериямен жұғатын ішектін өткір жұқпалы ауруы болып табылады.Көбінесе төменгі жас балалары ауырады. Дизентерия және басқа ішектің жұқпалы ауруларының алдын алудың 5 қарапайым ұсынысын қолданыңыз;

  1. Жеке басы гигиенасын сақтау

Қолыңызды микробқа қарсы сабынмен жуу жұқпалы аурулардың алдын алу үшін маңызды.

  • Тамақ даярлау және тамақ ішудің алдында;
  • Дәретханаға барғаннан кейін;
  • Жөргек (памперс) ауыстырғаннан кейін;
  • Егер сіз дизентериямен ауырған науқасқа күтім жасасаңыз, оның төсегі мен дәретханасын дезинфекциялаңыз және науқаспен әр байланыста болғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
  • Үй жануарларын ұстағаннан кейін;
  • Бау-бақша немес топырақ ұстағаннан кейін;
  • Жас балаларға қолды дұрыс мұқият жууды үйрету;
  1. Ауыз судың қауіпсіздігі
    • Ауыз қуысы, тісті, жеміс, көкеністі таза сумен жуып тазалаңыз;
    • Суды 100 0 С температурада 10-15 минут қайнатып пайдаланыңыз;
    • Суды тазарту жабдықтарын пайдаланыңыз және суды  таза ыдыста сақтаңыз;
    • Су бассейндерінде су жұтып қоймаңыз және шикі суды ішпеңіз;
    • Суды сақтайтын және тасымалдайтын ыдысты жуғыш сұйықтықпен тұрақты жуып тұрыңыз;
  2. Лас ағынды су , жиналған суды жою
    • Дизентерия жұқтырған адамдардың нәжісімен дизентерия бактериялары таралады, ал микроорганизмдер топырақ пен суды ластап жұқпалы ауру көзіне айналады;
    • Жер беті және жер асты суларын ластамау;
    • Лас төгінді су және нәжіс арқылы егістік, жеміс-жидек, көкеністердің ластануынан сақтану керек;
    • Жаңбырдан кейін ағынды лас су және ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек;
  3. Дұрыс қауіпсіз тамақтану
    • Жеміс, көкеністерді пайдаланбас бұрын таза сумен жуу;
    • Шикі және толық піспеген тамақты ішпеу;
    • Көшеден, санитарлық жағдай сақталмаған ашық орындардан азық-түлік өнімдерін сатып алмау;
    • Залалсыздандырылмаған, қайнатылмаған, өңделмеген сүт пен сүт өнімдерін пайдаланбау;
    • Қайнатып дайындалған тамақ және шикі, жартылай дайын өнімдерді тоңазытқышта сәйкес келетін температурада сақтау;
    • Сапа талаптарына сай медициналық құжаттары бар азық-түлік өнімдерін сатып алу;
  4. Саяхат, сапарға шығарда ескеру керек:

Ыстық жерлерде және гигиеналық-санитарлық жағдай нашар сақталған жерлерде болғанда осы нұсқауларды орындаңыз.

  • Қайнатылған немесе бөтелкедегі таза су ішу;
  • Ластанған бассейндерге шомылу, суды жұтып қоюдан сақтану керек;
  • Сапасын жақсы білмейтін азық түлік, тамақ, салаттарды пайдаланудан бас тарту;
  • Спирт құрамдас залалсыздандырғышпен қолды тазалау;

Иммунитетті әлсірететін ауруболғандықтан алғашқы белгілері басталысымен дәрігерге қаралып, аурудың асқынуының алдын алу;

 


Сэтгэгдэл оруулах

Таны email хаяг бусдад харагдахгүй. Заавал бөглөх талбарууд *-оор тэмдэглэгдсэн