ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫН СОҢҒЫ 2 ЖЫЛДА АТҚАРЫЛҒАН ЖАСАМПАЗ ІСТЕРІН ҚЫСҚАША ТАНЫСТЫРСАҚ

2013-жылы мемлекеттен 2.990.600.0 төгрөгтің қаржысы енгізіліп, бұл қаржыға денсаулық басқармасы, «Шипагер», «Рауан» ауылжай ауруханалары және біріккен аурухананың 4 көлігіне гараж, Дэлүүн сұмынының 20 төсекті ауруханасы салынған болса, біріккен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі, балалар бөлімі және туберкулез бөлімдеріне күрделі жөндеу жұмыстары мен Бугат сұмын денсаулық орталығының құдығы қазылып, сыртқы әшекейлік жұмыстары жасалды. Улаанхус сұмын денсаулық орталығына күрделі жөндеу жұмысы жүріліп, біріккен аурухананың лаборатория бөліміне биохимиялық және қан зерттеу анализаторы, ота жасау бөліміне ота төсегі, ұйқтату , тыныс алдыру аппараты берілді. Аймағымыз ауруханалары барлығы 10 дана универсал әмбебап төсекпен және заманауи үлгідегі 105 төсекпен қанымдалды. Қатерлі ісік бөлімінінің екі бөлмесі, монитор, отсос қатарлы жеңілдетілген дауалау құрылғыларымен толықтырылды.  Біріккен аурухана, Алтанцөгц, Баяннуур сұмындары және Ақкөл қалашығының денсаулық орталығы, Улаанхус сұмыны Көкмойнақ бағының адам дәрігер бөлімшесі көлікті болды.ТИКА халықаралық ұйымының қаржыландыруымен  16 компьютер, 4 проектрауруханаларға үлестірілсе, Норвегия көмек ұйымының қаржыландыруымен Бұғыты сұмыны Денсаулық орталығының  оқыту кабинетіне жиһаз, құрал жабдықтармен қатар сол  ауруханаға қажетті жабдықтар,  Дэлхийн зөн халықаралық ұйымының қаржыландыруымен Алтай, Бұлғын, Ногооннуур, Сагсай, Улаанхус, Цэнгэл сұмындарына қақырық сорғызу аппараты, біріккен аурухананың қан қабылдау бөлімесіне  толық аспаптар алынды. Ал Азия даму банкісінің қаржыландыруымен біріккен ауруханаға телемедицина LCD, электр қуатын сақтағыш, видео мәжілісін өткізуге қажетті құрал-жабдықтар, іс қағаздар камерасы, рентгенге қажетті материалдар тарту етілсе, Зонооз ауруларын зерттеу орталығына биоқауіпсіздік кабинеті, автоклав, инкубатор, микроскоп, элиза оқыту аппараттары берілген.

БҰҰ-ның жобасымен әйелдер сырқатына арналған реңді ЭХО аппараты, Швейцария елінің қаржыландыру жобасымен сәбидің  ұршығы таюын анықтайтын ЭХО аппараты берілген.

Сырт қатынасы.

ҚХР-ның Алтай аймағына қызмет бабымен барған Денсаулық басқармасының бастығы бастаған жұмыс тобы, Алтай аймағы Денсаулық басқармасымен бірігіп жұмыстау жөнінде келісім шартқа қол қойса, 2013 жылы тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының  Перзентханасы, диагностикалық орталығымен тәжірибе алмасты. Ары қарай дәрігер, мамандардың  пікір алмасу, тәжірибелік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы шарт жасасып, келіссөз өткізді.  Сондай-ақ Жапония елінің Шинга ауруханасымен бірігіп ұйымдастырылған  қысқа мерзімдік оқытуға қатысып, осы университетке студенттерді оқыту, сонда дәрігер, аурухана мамандарының мамандығын жетілдіру, оқытуға қамтыту туралы келісімдер жасаса, Түркияда болған тәжірибе алмасу оқытуынаденсаулық орнының  15 дәрігер мамандары қатысып, Кореядағы 1 айлық оқытуға перзентхананың екі дәрігері, Ресейдегі  1 айлық оқытуға анестезиолог жедел емдеу оқытуының 1 дәрігері қамтылды.

Бақылау-зерттеу, бағалау жұмыстары.

Бұл тұрғыда барлығы 140 тәулік ауылдық жерлерде жұмыс атқарылған.  Мұнда Алтайда 5, Алтанцөгцде 6, Баяннуур, Улаанхус,Цэнгэл сұмындарының әрқайсысында 7, Бұлғын, БуянтСагсай сұмындарында 8, Дэлүүн жәнеТұлбада  10, Ногооннуурда 6, /Көкмойнақта 4/,  Ақкөл,Бұғытыда 4,  Хотгорда 3 рет жеке-жеке барып жұмыстаса, қырдағы алыс 14 бақта да жұмыс атқарылған. Денсаулық басқармасы бастығы бастаған топ 10 сұмын, 12 мемекеге бақылау, бағалау жасалып, азаматтармен кездесіп, денсаулық орталықтарының жауапкершілік бақылауын жақсарту туралы олардың пікірін тыңдап, еркін әңгіме өткізіп, кейбір мәселелерді дер кезінде шешіп жұмыстаған.

Адам қоры жоспары.

Біріккен аурухананың анестезиолог-жедел емдеу және  Лор бөлімшесі, қатерлі ісік зерттеу, қамсыздандыру, ас тағам дәрігерлеріне 5 адам тағайындалған.  163 аға дәрігерден  салалық мамандықтар бойынша маман иеленген  дәрігер саны 88 немесе 53,6 пайызға жеткен.  Қысқа мерзімдік оқытуға қабат санмен  барлығы 1656 дәрігер, аурухана мамандары қамтылып, мамандықтарын жетілдірген.

Арыз-шағым шешімдері.

Денсаулық басқармасына 312 арыз-шағым келген болса оның 197-сі жұмысқа орналасу туралы, бақ орталығынан сұмынға, сұмыннан аймақ орталығына ауысып жұмыстау туралы 18, Жоғарғы білім игергеннен кейінгі үкімет қаржысымен оқытылатын оқытуларға қамтылуға 16, көмек күткен 4, рұқсат алу туралы 15, аурухана даяшылығы, зейнетақы, жәрдемақы жөнінде 10, ал қабат санмен 46арыз-өтініш келген болса, осы өтініштер бойынша 90 адам уақытыша және тұрақты жұмыс орнымен қанымдалып, оқытуға қамтылуға ниетті 9 адам мемлекеттік немесе жергілікті жер  қаржысымен  оқытуға қамтылған.  8 өтініш бойынша   Денсаулық орындарының мамандары жеріне барып жұмыстаған.

Ғаламтор желісі

Денсаулық басқармасы, Біріккен аурухана жоғары жылдамдықтағы  талшықты оптикалық кабелдік ғаламтор  желісіне қосылған. Сондай-ақ 4 ауылжай ауруханасы ғаламтор арқылы жұмыс атқарады.

Жекелік сыпаттағы мекемелердің қатысуы  

Аймағымыз көлемінде барлығы 27 жекелік сыпаттағы денсаулық орталығы жұмыс жүргізіп, мемлекеттік денсаулық орындарының жұмыс ауыртпалығын белгілі мөлшерде жеңілдетіп отыр. Мұнда; Төсекті аурухана 5, күндізгі емдеуауруханасы 7, арасан, дауажай ауруханасы 2, дәрімен қамтамасыз ету мекемесі 3 болса, 10 дәріхана жұмыс атқаруда.

Жүзеге асырылған іс-қызметтердің қысқаша  қортындысы.

МҰХ мүшелерінің аймағымызға келіп жұмыстау сәтінде олардан берілген міндет, тапсырмалар бойынша денсаулық саласының қызметкерлері жұмыс жауапкершілігін жақсарту үшін Денсаулық басқармасының бастығыменбірге қыр сұымндарға барып, халық көпшілікпен кездесу өткізіп, ашық әңгімелесіп, азаматтардан сын-пікірлерін қабылдау арқылы қорытынды жасап,  денсаулық саласындағы сын пікірлердің негізгі 3 бағытын айқындап қайтты. Мұнда;

-Ауруханалардың құрылысы ескірген, стандарттық талапқа сай келмейтін, соңғы заманғы құрылғылармен жабдықталмаған, көліктері ескіріп бұзылған, қаржы жетіспекушілігіне тап болған.

-Кейбір іске асып жатқан заң, құқықтық актілерді халық көпшілік толық түсінбегендіктен болып айтылатын пікір, талаптар. Жүкті аналарды жеңілдеуінен бұрын аймақ орталығына жеткізіп, ауруханаға жатқызатын министрліктің бұйрығы болғанымен, халық көпшілік оны түсінбегендіктен  сарпалдаңға түсіп отырмыз дегенді айтқан.

-Денсаулық саласы қызметкерлерінің  жұмыс жауапкершілігі,  қарым-қатынасы, мінез құлықтарына байланысты келтірілетін арыздар, барлық арыз шағымдардыңауданды пайызын иеленген.

Денсаулық басқармасынан осы арыз-өтініштерді тексеріп халық көпшілікке  денсаулық саласына байланысты заңи кеңестер берілу мақсатында жергілікті радиодан апта сайын тұрақты ақпарат беріп жұмыстауының нәтижесінде азаматтардың  денсаулық  туралы білімі белгілі деңгейде жақсарған. Сондай ақ жұмысшылардың жұмыс жауапкершілігін жақсарту туралы  ереже шығарылып,  тақта жұмыстатып, іс-қызметтің ашық жариялы болуы барлық мекемелердеқамтамасыз етілді.

Денсаулық министрлігі мен аймақ басшылығына таныстырудың нәтижесінде Біріккен аурухананың Перзентхана бөлімінің жұмыс күші артуда. Барлығы 2990600.0 мың төг-тің қаржысын енгізіп, 5 құрылыс жаңадан салынса, 5 құрылысқа күрделі жөндеу жасалып, 5 денсаулық орталықтары жаңа жедел жәрдем көлігіне  ие болып, мекемелер  заманауи құрылғылармен қанымдалып, халық көпшіліктің  жайлы орында сапалы даяшылық алуына мүмкіндік жасалды.

Ал 2014 жылы мемлекеттен 2269.5 млн, жергілікті жер бюджетінен 958.9 млн төг, және шет ел қаржы көмегімен 290.9 млн төг барлығы 3519.5 млн төг-тің қаржыландыруы жасалып, денсаулық саласына қатысты бюджет қоры 2013 жылмен салыстырғанда 528,9 млн төг-пен артты. Сондай-ақ Жансая, Мейірім ауылжай ауруханалары жаңадан салынып, аймағымыз орталығында 4 ауылжай ауруханасы стандарттық талаптарға сай орын жайлы болды.  Денсаулық басқармасының қоймасы, біріккен аурухананың шаруашылық және Лор бөлімдері, Алтанцөгц сұмыны денсаулық орталығының оқыту бөлмесі қатарлы орындарға күрделу жөндеу жасалса, Буянт сұмыны денсаулық орталығына әйелдердің тынығу бөлмесі, Алтай сұмынының балалар бөлімдері ашылды. Осы жылы біріккен ауруханаға барлығы 2 млрд 228 млн 143 мың төг-ке 73 түрлі құрал-жабдықтары алынса, оның 28-і Перзентхана бөліміне, 8-і балалар бөліміне үлестірілгені халық көпшіліктің сапалы әрі қауіпсіз бақылау тексеру жасатуына мүмкіндік туды.

Аймақтық Біріккен аурухананың зерттеу бөліміне күрделі жөндеу жасалып жаңа заман талабына сай зерттеу   дауалаудың 17 түрлі құрал-жабдықтарын 1521,4 млн төг-ке енгізіп,  толыққанды зерттеу орталығын пайда болды.  Зерттеу орталығы орнағаннан кейін азаматтар аймағымызда дауаланып, зерттеу жасатуға мүмкіндік туды және көрсетілетін даяшылқ сапасы жақсарып, азаматтардан шығатын қаржы үнемделді.

 Бақылау-бағалау жұмысы

Денсаулық орындарына қарасты мекемелерге барлығы 60 рет бақылау-бағалау жүрілгендігі 2013 жылмен салыстырғанда 4 есемен артты. Ал ана мен бала ұлттық орталығы дәрігерлерімен бірге 1 рет, Геронтология орталығының дәрігелерімен бірге 1 рет бақылау-бағалаулар жүрілді.  Және біріккен ауруханада 11, денсаулық орталықтары мен Алтай Ногооннуур сұмындарында 5, Алтанцөгц,Бұлғын, Буянтда 6, Баяннуурда 7, Бұғыт, Сагсайда 8, Дэлүүн Тұлбада 4, Улаанхуста 11, Цэнгэлде 9,  Ақкөл қалашығында 4 рет бақылау бағалау жұмыстары жүрілген.  Қырдағы бақ орталықтарында 18 рет жұмыс атқарылса, қажетті ұйымдардың мамандарымен қатынасып, жұмысты жақсарту туралы бастама көтеріп жұмыстау өз нәтижесін берді.

Адам қоры оқытуы

2014 жылы қысқа мерзімдік оқытуларғақабат санмен барлығы 2582 дәрігер, аурухана мамандары қамтылды. Зерттеу орталығы орнауына байланысты аппарат, құрылғыларды жұмыстату оқытуында  9 маманды дайындалуда.   Және 52 дәрігер, аурухана мамандары мамандық жетілдіру оқытуына қамтылған. Ал Дэлүүн сұмыны сұмынаралық ауруханасының  әйелдер дәрігері,  Цэнгэл сұмынының сұмынаралық ауруханасының  хируругия дәрігерлері мемлекет қаржысымен мамандығын жетілдіріп жұмыстауда.

Арыз-шағым шешімдері.

Дауалау даяшылық сапасы, қызметкерлердің қарым-қатынасы, кезекшілік  пен қабылдауға байланысты денсаулық басқармасына 9 шағым келіп түскен. Осы бойынша  басқарма мамандары жағдаймен танысып қатысты адамдарға еңбек заңының тармақтары бойынша сатылы шара қолданды.  Және мекеменің қызметкерлеріне қатысты мәселелерді Денсаулық басқармасының жанындағы кеңеске енгізіп, заң бойынша айппұл салып, шыққан шешімдер  кейбір сұмын әкімдеріне таныстырылды. 2014 жылы Біріккен аурухананың Цэнгэл сұмындық сұмынаралық ауруханасының бас дәрігеріне 2, Баяннуур сұмын денсаулық орталығының бастығына 2, Мейірім ауылжай денсаулық орталығының бастығына 2, Ногооннуур, Дэлүүн сұмындарының сұмынаралық ауруханасының бас дәрігерлеріне, Буянт, Бұғыты сұмын денсаулық орталығының басшыларының әрқайысысына еңбек заңы бойынша 1 рет тәртіп шарасы жүктетіліп, аймақтық Зонооз ауруларын зерттеу орталығының бастығы жұмысынан босатылды. Біріккен аурухананың жедел көмек көрсету аға дәрігері Кореяда бір айлық, Перзентхана  дәрігері Жапонияда, Бала дәрігері Ресейде, Дәстүрлі емдеудің бір дәрігері Қытайда барлығы 11 дәрігер мемлекет қаржысымен оқытуға қамтылды. 5 дәрібике Ресейдің Улаан-Үүд қаласында тәжірибе алмасып қайтты. Екі сұмындық денсаулық орталығынан басқа барлық салалық мекмелер ғаламтор желісіне қосылды.

Сіздер аймақтық денсаулық басқармасының бастығы Айгүл Сыдыққызының аталмыш басқармадан соңғы 2 жылда атқарған іс қызмет туралы материалымен таныс болдыңыздар.

Моңғолшадан аударған  Аманбек Қанайұлы


Сэтгэгдэл оруулах

Таны email хаяг бусдад харагдахгүй. Заавал бөглөх талбарууд *-оор тэмдэглэгдсэн