ҚЫЗЫЛША АУРУЫНАН АЛДЫН АЛА САҚТАНАЙЫҚ

ҚЫЗЫЛША АУРУЫНАН АЛДЫН АЛА САҚТАНАЙЫҚ
Қызылша – ауа аркылы тарайтын жуқпалы ауру.
Жасырын  уақыты:  9-10 қонақ, 21 қонаққа дейін созылуға болады.
Кызылша ауруының  вирусы қоршаған ортада төзімсіз, бірақ  ауа аркылы  жылдам  және алысқа тарайды.
Жуқпалы болатын уақыты: жасырын уақытынан бұрын денеге қызылша бөрткендері шыққаннан кейін алғашқы 4 қонақ жұқпалы болады.
Бұл аурумен кімдер ауырады?
Қызылшадан алдын-ала сақтану вакцинасына   қамтылмаған болса кімде кім ауыруға болады. Ауырып жазылған адамға қалыпты иммунитет тоқтайды.
Қызылша ауыруының белгілері:
Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін 7-10  күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: Мұнда — ыстық көтерілу, тұшкіріп мұрынан су ағып жөтел пайда болады және көз қызарып былшыктайды. Кейбір  жағдайда мойын, қолтық бездерінің үлкейіп, ұстағанда ауырсынуы, өкпеде сырыл пайда болуы және  науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.
2 немесе 3 күннен кейін ауыздың қуысы ішінде  сөктің көлеміндей  кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін денеге  қызыл түсті бөрткендер шығады.Untitled-1fsdhsdf

Қызылша бөрткендерінің ерекшелігі: бірінші күні бөрткен бетте, мойында, екінші күні денеге,  үшінші күні аяқ колдарына шығады.
Қызылша ауыруы неге қауіпті:

Қызылша  асқынған жагдайда зертең , менингит, энцефалит сияқты күрделі ауруларға соғуы мүмкін.
Қызылшаның арнайы емдеу дәрідері жок.  Антибиотиктерді тек оның асқынган жағдайда емдеуге пайдаланады. Науқасқа дәрумендерге  бай  тағамдар  (көкөністер, жемістер, шырындар), көп мөлшерде сұйық  ішу,  көздің көру қабілетін нашарлатпау  үшін мүмкіндігінше А дәрумені, мултивитаминдерді  беру  керек. Қызылшамен ауырған науқастар  дәрігер бақылауында міндетті түрде болғаны  абзал.
Қызылшадан алдын-ала вакцина  егу арқылы ғана сақтануға болады. Ал еліміздің күнтізбесі бойынша  қызылша, кызамык, паротит ауруынан сақтайтын  үштік вакцинанын 1-ші дозасын баланың  9 айында, 2 –ші дозасын баланың  2 жасында егіп осы аурулардан алдын ала сақтайды.Untitled-4sgsdgsdg
Қызылша ауруынан алдан ала сақтану үшін:

  • Балаларыныз 9 ай және 2 жасында қызылша, кызамык, паротит ауруынан сақтайтын үштік вакцинасын егілмеген болса өздеріңіздің аумағыңыздағы сұмын, ауылжай ден саулық орталығына кез келген уақытта барып  вакцина ектірініздер.
  • Кішкентай сәбилерді ана сүтімен тамақтандыру немесе омырау емізу
  • Дәрумендерге бай ас тағам керектену
  • Күніне 4-5 уақ толық дұрыс тамақтану
  • Балаларға А,С дарумендеріне бай тағамдарды мүмкіндігінше беру
  • А, Д, С дарумендері және басқадай қосымша дәрумендерді дәрігерлердің нұсқауы бойынша қосымша беру
  • Балаларды көп жиылған жиын жерлерге апармау
  • Балалардың бағым күтіміне ерекше назар аудару
  • Үй тазалығын жақсы ұстану , 2 сағат сайын ауа алмастыру, дымқыл тазалық істеу
  • Студент балалар көпшілік орталығына яғни жастар кешеніне бармау қажет,
  • Маск тағуды қалыптастыру
  • Қол тазалығын жақсы ұстану
  • Дененің ауруға қарсылығын  иммунитетін жақсартатып денені шынықтырудын да пайдасы зор.

Untitled-3aasassДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ
dfasfasfasssssssssee
БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ
ЖҰҚПАЛЫ АУЫРУ ЖАУАПТАНҒАН БӨЛІМШЕСІ, телефон:70423130
E-mail: hsic_bu@yahoo.com
web page: http://health.bo.gov.mn/


Сэтгэгдэл оруулах

Таны email хаяг бусдад харагдахгүй. Заавал бөглөх талбарууд *-оор тэмдэглэгдсэн